«22 қараша күні №2 Жезқазған байыту фабрикасында жазатайым оқиға болды. Конвейер механизмінің қысылуы нәтижесінде 1980 жылғы конвейер машинисі жарақат алды. Оқиға орнына жедел жеткен медицина қызметкерлері жарақат алушының қайтыс болғанын мәлімдеді», делінген хабарламада.
Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.
«Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады», деп жазылған компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.