Спорт • 23 Қараша, 2023

Рахат Бралин мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль иеленді

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәнерлеп сырғанаудан ұлттық құрама мүшесі Рахат Бралин Эстонияда өткен  Tallinn Trophy халықаралық турнирінде күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рахат Бралин мәнерлеп сырғанаудан  күміс медаль иеленді

kazsports.kz

Таллин қаласындағы  халықаралық турнир 20 жылдан бері тұрақты өтіп келеді. Биыл 19 елден мәнерлеп сырғанаушы қатысып, бағын сынады. Рахат қысқа бағдарламада 65.18 балл еншілеп, үшінші орынға тұрақтаған. Еркін бағдарламада 128.90 ұпай  олжалады.  Халықаралық турнирдің алтын  медалі  Израиль спортшысы  Лев  Винокурге бұйырды. Қола медаль  Украина спортшысы Кирило Марсакқа берілді.