Қылмыс • 23 Қараша, 2023

Қаскүнемдер қолға түсті

449 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тұрғындардың ақылды камераларды жаппай орнатуының арқасында, кейінгі бірер жылда пәтер ұрлығы едәуір азайған. Дей тұрғанмен, өзгенің несібесіне қол сұққан қаскүнемдер әлі де болса мегаполис тұрғындарының мазасын қашырып тұр. Күні кеше алматылық полицейлер пәтер тонаумен айналысқан Тәжікстан азаматтарын қолға түсірді.

Қаскүнемдер қолға түсті

Жымысқы әрекетін жүзеге асырып жүргендер «Ша­ңырақ» шағын ауда­нындағы Тұрысов көшесіндегі үйлер­дің бірін тонағаннан кейін көп ұзамай ұсталған. Таңғы 5-тер шамасында полиция қолына түскен көрші ел­дің қос азаматынан пәтер ұр­лы­­ғына қатысты айғақзат тәр­кі­лен­ген. Поли­циядағылар күдік­ті­лердің бірнеше күн бұрын Әуезов ауданында болған пәтер ұ­р­лы­ғына да қатысы бар болуы мүмкін екенін айтады.

«Тонаушыларды «Құ­қықтық тәр­тіп» іс-шарасы аясында қала­лық­ крими­налдық полиция бас­қар­масының Алатау аудандық ПБ және полицияның арнайы жаса­ғының қызметкерлері ұста­ды. Қаскөйлер қала­да өздері жал­ға алған «Kia» маркалы көлі­гі­мен жүр­гендігі белгілі болды. Олар Қылмыстық ко­декстің 188-бабы 3-бөлігі бо­йынша тер­геліп жатқан қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Ұстал­ған­дар­дың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы жан-жақты тек­серіліп жатыр», дейді Алатау аудан­дық полиция басқармасы бас­­шы­сының орынбасары Данияр Омаров.

Үй тонау қылмысы қала ірге­сін­дегі жаңадан қалып­тасып жат­­қан жер үйлерде жиі тірке­ле­тін кө­рінеді. Жыл басында таны­сымыздың үйін то­наған баукес­пелер нақ сол күні, сол көшеде тұратын тағы бір үйдің дүние-мүлкін қолды еткен. Арызданушылар мұны ұрылардың бір үйден алған баға­лы затты келесі бір үйге тас­тап кеткенінен білген. Аңғар­ға­ны­­мыздай, бөгденің қасықтап жи­наған несібесіне қол сұғып, оңай олжаға кенелеміз деген қыл­мыс­керлер тал түсте біреудің пәтеріне бас сұғып кіруге еш қымсынбайтын болған.

Алматы қалалық По­ли­ция депар­таменті­нің ақпаратына сәйкес, ша­һар­дағы тұрғын үй аулалары мен қо­ғамдық нысандар аумағына орнатыл­ған бейнекамералардың арқа­сында бөтеннің мүлкін ұрлау фактілері азайған. Мамандар қылмыстың алдын алу мақсатында IT тех­но­­логиялардың мүм­кіндігін бел­сенді пайдаланып жүр. Бү­гін­де қалада 130 мыңға жуық бейне­ба­қылау камерасы бар десек, олар­дың 90 пайызы бюджеттен тыс қаржыға орнатылған. Бей­не­­­таспаға жазылған материал­дар­ды қолдану нәтижесінде кейінгі үш жылда пәтер ұрлығы төмендепті.

Қала аумағындағы пә­тер ұр­лы­ғының азаюына­ тұрғын­дар­дың өз дүние-мүлкіне ықтиятпен қа­рап, күзет мекемелерінің қыз­ме­тіне жүгінуі сеп болып отыр.

 

АЛМАТЫ