Аймақтар • 23 Қараша, 2023

Мұғалімдерге – жайлы баспана

199 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елімізде кадр жетіспейтін, білім сапасы төмен өңірлерге үздік педагогтерді тартуға арналған арнайы бағдарлама іске асырылып жатыр. Биыл аталған бағдарлама аясында Атырау облысында жұмыс істеуге 10 мұғалім ниет білдірген.

Мұғалімдерге – жайлы баспана

Облыстық білім басқар­ма­сы­ның­ басшысы Ерлан Слам­бе­ков­тің айтуынша, мұғалімдерді бос лауа­зымдарға тарту ере­­же­сі да­йын­далған. Салалық ми­нист­р­лік­ жанынан конкурс комис­сия­сы құрылған. Ал облыстық білім бас­қар­масында үйлестіру кеңесі бар.

«Өңірге келетін мұғалімдерге ла­уазымдық жалақының 150 па­йыз­ мөлшерінде ынталандыру тө­лемі, оның ішінде жалақыны кө­­теру, тұрғын үйді жалдау ақы­сын, коммуналдық төлемдер шы­­ғы­нын өтеу белгіленген. Бос жұ­мыс­ орындарына орналасу үшін үміт­керлер эссе жазып, тестілеуден, әңгі­ме­ле­суден өтті. Биыл Атырау облысына бастауыш сынып, тарих, математика, физика пәндерін оқытатын 10 мұғалім келді. Қазір олар мек­тептерде сабақ беріп жүр. Олар­дың кейбіріне жаңа пәтер беріп отыр­мыз. 15 желтоқсанға дейін тағы 4 мұғалімге баспана беру жос­пар­ланған», дейді Ерлан Сламбеков.

Мәселен, Гүлжан Боранбаева білім саласында 20 жылға жуық жұмыс істеп, мол тәжірибе жи­­на­­ған. Бұрын Батыс Қазақстан облы­сын­дағы дарынды балаларға арнал­ған мамандандырылған ақ­па­­­раттық тех­но­логиялық мек­теп-ли­цейінде математика пәні­нен дәріс берген. Енді Атырау қаласындағы №31 гимназияда жұмыс істеп жүр.

Көрші өңірден тағы бір мұға­лім­ отбасы келген. Жас маман Ер­жан Егінбаевтың өзі де, зайыбы да – педагог.

«Мұғалімдерге жас ұрпақ­тың­ болашағы үшін үлкен жауап­кер­­ші­лік жүктеліп отыр. Біздің мін­детіміз – оқушылардың сапалы білім алуына, елдің келешегіне адал қыз­мет ететін білікті маман болып қалып­тасуына үлес қосу. Алаңсыз жұмыс істеуіміз үшін жаңа пәтер беріліп, қолдау көр­се­тіліп отыр»,  дейді Ержан Егінбаев.

 

Атырау облысы