Фото: drs_kz
Екі жылда бір рет өтетін жаһандық жарысқа 33 елден 700-ге жуық спортшы қатысып жатыр.
Кеше сайыстың 1-ші күні «кумитэден» жасөспірімдер және «ката» бойынша барлық жас аралығында жекпе-жектер өтті.
Нәтижесінде Қазақстан құрамасы 11 алтын, 10 күміс, 16 қола медальмен жалпыкомандалық есепте көш бастап тұр.
Бүгін жастар және ардагерлер (+36) арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер белгілі болады.
Ертең ерлер мен әйелдер арасындағы бәсекемен жарыс аяқталады.