Қазақстанның былғары қолғап шеберлерінің кейбіреулері өздерінің тұсаукесер кездесулерін өткізіп те үлгерді. Араларында ұтқандары да, ұтылғандары да бар. Атап айтсақ, Рамазан Орынбасар (52 кг) руандалық Валентин Нтабанганьиманды және Кенесары Әмір Маржықбаев (63 кг) гватемалалық Кристиан Рамиресті жеңді. Ал Бауыржан Мұратов (57 кг) пен Бекарыс Нұрмұхан (66 кг) өзбекстандық Пахлавонжон Иброхимов пен Ақбар Ахмадовқа есе жіберсе, Жасұлан Бердалы (70 кг) польшалық Павел Урбанскийдің осал тұсын таба алмады. Сол секілді Бақытжан Айтмұханов та (80 кг) жарыс жолынан шығып қалды. Бір айта кетерлігі, бәсеке барысында қазақ боксшы Гуань Хауо Паньді екі рет нокдаунға жіберді. Бірақ әділдікті белден басқан төрешілер тайпейліктің қолын көтерді.