Жекпе-жек • 26 Қараша, 2023

АСА-ға оралады

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақтың танымал аралас жекпе-жек шебері Асылжан «Сақ» Бақытжанұлы келесі жылы Шешенстанда іргетасы қаланған АСА промоушеніне қайта оралуды көздеп отыр.

АСА-ға оралады

Жартылай ауыр салмақта күш сынасатын 33 жастағы Асылжан 2017-2021 жылдар аралығында АСА-да өнер көрсетіп, өзін жақсы қырынан көрсете білді. Одан бөлек ол «Алаш прайд», NFC, «UAE Warriors» және RSS ұйымдарының мұрындық болуымен өткен жарыстарға қатысты. Октогонға барлығы 19 мәрте шыққан қандасымыз 15 жекпе-жекте жеңіске жетті. 10 қарсыласын айқын басымдықпен ұтты.

Өзінің келесі жекпе-жегін ол 15 желтоқ­санда кезінде Екатеринбургте UFC-де өнер көрсеткен 39 жастағы ресейлік файтер Мак­сим Гришинге (32-10-2) қарсы өткізеді.