Фото: Ашық дереккөз
Оның айтуынша, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің (ҰҚҚД) қызметкерлері 23 жастағы жас келіншектің баласына сатып алушы іздеп, делдал арқылы басқа облыстың 45 жастағы тұрғынын тауып алғанын анықтады.
«Аталған факті ҚР ҚК 135-бабы «Кәмелетке толмағандарды саудалау» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды. Нәресте балалар үйіне тапсырылды», деді Қанат Нұрмағамбетов Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте.
Сондай-ақ күдіктінің бірнеше рет алаяқтық жасағаны және көптеген қарызы бар екені анықталды. Әйел қазір қамауға алынды.