Фото: Видеодан скриншот
Полиция қызметкеріне зейнеткердің күтушісі хабарласып, пәтердің есігі іштен ілулі болғандықтан кіре алмай қалғанын ескертеді. Тәртіп сақшысы іштен ешқандай жауап қатпаған соң есікті сындырудан басқа амал болмағанын айтады. Пеш үстіндегі таба күйіп, бөлменің ішін көк түтін басқандықтан жатын бөлмесінде жатқан зейнеткердің тынысы тарылған. Әзер дем алып жатқан зейнеткерді сыртқа шығарған полиция қызметкері жедел жәрдем шақырған. Ішкі істер қызметкері Тимур Досболовқа зейнеткер алғысын жаудырды.