Аймақтар • 27 Қараша, 2023

Риддер ЖЭО қалпына келтіру жұмыстары аяқталды

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Риддер ЖЭО-да болып, жүргізілген жұмыстардың нәтижесін бақылады.

Риддер ЖЭО қалпына келтіру жұмыстары аяқталды

Суретті түсірген Мерей Қайнарұлы

Мұнда қысқа мерзім ішінде барлық механизмдер мен қазандық агрегаттарына ауқымды қайта құру жүргізілді.

«Риддер бүгінде жылумен, ыстық сумен және электр энергиясымен қамтамасыз етілген. Ішкі жұмыстардан басқа, жылу желілерінің жекелеген учаскелері ауыстырылды. Жөндеу жұмыстары іс жүзінде аяқталды», деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев.

Өңір басшысы жаңа жабдықтар мен трансформаторлар орнатылғанына назар аударды. 50 жылдан астам уақыт қызмет еткен ескі жабдықтардың бір бөлігі жаңасына ауыстырылды.

Қыс мезгілінде толыққанды жұмыс істеу үшін орташа қысымды екі және жоғары қысымды екі қазандықтың жұмыс істеуі жеткілікті. Қалған қазандық агрегаттары резервте болады.

Р

Жоғары қысымды екі қазандық (№ 4 және № 6) іске қосу-реттеу жұмыстарына дайын. Қалған қазандықтар бойынша барлық жұмыс желтоқсанның ортасына дейін аяқталады.

Нысанда 16 мердігерлік ұйым, оның ішінде ЖЭО қызметкерлері, Қазмырыш және Өскемен жылу желілерінің мамандары жөндеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Станцияда 338 тонна мазут пен 11 492 мың тонна көмір бар.