500 метрлік бәсекеде Инесса Шумековаға тең келер ешкім табылмады. Бұл қашықтықты 39,98 секундта жүгіріп өткен ол алтыннан алқа тақты. Екінші және үшінші орындарды Фрэн Ванхутт (40,17 секунд) пен Қазақстанның тағы бір өкілі Маргарита Артемьева (40,50 секунд) иеленді. Осы орайда бұл петропавлдық жас конькишінің спорттық мансабындағы ең алғашқы қомақты табысы екенін де атап өткен жөн.
Десек те Инесса осы нәтижемен шектеліп қалған жоқ. Ол Мария Деген мен Алина Шумекова сынды әріптестерімен бірге командалық жарыста күміс медальды олжалады. Маргарита Артемьева, Алена Лифатова және Арина Ильященко үштігі де Базельга-ди-Пинеде дәл сондай көрсеткішке қол жеткізді.