Аймақтар • 27 Қараша, 2023

Жастарға дем беретін дәріс

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық жастар-ресурстық орталығы «Bastau Talks» қоғамдық дәрісін өткізді. Жастардың ісіне жан бітіретін мұндай іс-шара жыл сайын өткізіліп тұрмақ.

Жастарға дем беретін дәріс

Алдымен қоғамдық дәрістің негізгі мақсаты туралы айта кетелік. Жалынды жастарды бизнеспен айналысуға жұмылдырып, бұл тараптағы мүмкіндіктер туралы ақпарат беру, ынталарын арттыру айрықша маңызға ие.

Облыстық жастар-ресурстық орталығының басшысы Дастан Ермеков өз сөзінде жастарға арналған дәріс жұмыссыздықпен күрес және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға дем беретіндігін атап өтті. Оның айтуынша, алдағы міндеттерге қол жеткізу және ел экономикасының тұрақты дамуы үшін жас кәсіпкерлерді қолдау өте қажет.

Спикерлер бизнеске қалай келгенін, кәсіптерін қалай бастап дамытқанын егжей-тегжей айтып берді. «Көз қорқақ, қол батыр» демекші, әркім өзінің қолынан келетін кәсіпті қолға алса, өзіне де, маңайын­дағы жұртқа да септігі тимек. Жастардың материалдық игілікпен қатар рухани әлемді нұрландыруға да аянбай атсалысуы әбден құптарлық. Мәселен, облыс орталығында ұлттық өнерді насихаттауға атсалысып жүрген өнерпаздың бірі Аслан Мұхамедияров «Асыл ән» ұлттық өнер мектебінің негізгі мақсаты туралы айтып берді.

Іс-шара соңында жастар спикерлерге өз­дері­нің қызықтырған сұрақтарын қойып, тол­ықтай жауап алды. Әр спикерге ұйымдас­тыру­шылар тарапынан алғыс хаттар, ал студенттерге сертификаттар табысталды.

 

Көкшетау