Қоғам • 28 Қараша, 2023

Қарағанды-Алматы, Ақтөбе-Қандыағаш: Халық көп шағымданған жолдар пайдалануға беріледі

1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет отырысында Көлік министрі Марат Қарабаев құрылысы ұзаққа созылып, халық көп шағымданған 6 бағыттағы жолдар келер жылы пайдалануға берілетінін айтты, деп жазады Egemen.kz.

Қарағанды-Алматы, Ақтөбе-Қандыағаш: Халық көп шағымданған жолдар пайдалануға беріледі

Фото: ашық дереккөзден

Құрылысы 4-5 жылға созылған 6 негізгі жоба бар. Бұл Талдықорған-Өскемен, Қарағанды-Алматы, Мерке-Бурылбайтал, Ақтөбе-Қандыағаш және Атырау-Астрахань жолдары.

«Ерекше назар Батыс Қазақстан облысындағы күрделі жөндеу жұмыстарына аударылған. Өңірде жалпы ұзындығы 245 шақырым болатын Қазталов-Жәнібек және Өнеге-Бисен-Сайқын жолдары жөнделіп жатыр, оның 220 шақырымында қозғалыс қамтамасыз етілген. Жобаларды толық аяқтау 2024 жылға жоспарланып отыр», деді Марат Қарабаев.

Министрдің мәліметше, биыл ел бойынша барлығы 10700 шақырым жолда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілген. Оның ішінде 6500 шақырым республикалық және 4200 шақырым жергілікті маңыздағы жолдар.

 

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:10

Тарихы терең рухани орда

Аймақтар • Бүгін, 09:05

«Ацтека». Доп. Дүбір!..

Футбол • Бүгін, 09:00

Рыбакина орнын сақтап қалды

Теннис • Бүгін, 08:58

Құрыш құйған қаланың мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 08:52

Аспантаудағы ауқымды істер

Аймақтар • Бүгін, 08:48

Асфендияровтың ұрпағы

Зерде • Бүгін, 08:43

Бір мақсат, бір мүдде

Қоғам • Бүгін, 08:40