Фото: ашық дереккөз
Өңірлерде өндірілген отандық өнімдерді пайдалана отырып, мектеп ас мәзіріне ұлттық тағамдарды енгізу – балалар денсаулығын сақтаудағы маңызды қадамдардың бірі болмақ.
«Әрбір мектеп – салауатты өмір салтын ұстанатын мектепке айналуы тиіс. Мектептің кез-келген қызметі сауықтыру-педагогикалық бағытта болады. «Ұлттық мектеп асханасы» жобасы ұлттық тағам мәдениетін қалыптастыруға және мектептің ас мәзіріне 50 ұлттық тағамды енгізуге мүмкіндік береді. Бұл дәстүр бойынша жасалған мәзір, ежелден келе жатқан тәжірибенің нәтижесі», деді Наталья Жұмаділдаева.
Аталған мақсатта министрлік Ұлттық салауатты тамақтану орталығымен бірлесіп, Астананың алты мектебінде «Ұлттық мектеп асханасы» пилоттық жобасын жүзеге асырып жатыр. Жаңа үлгіде мектептегі тамақтану мәдениетін қалыптастыру бойынша кезең-кезеңімен шаралар кешені қарастырылған.