egemen.kz
Статистикалық дерек бойынша Қазақстанда 10 және одан да көп бала өмірге әкелген аналардың саны – 63 943. Өңірлер бөлінісі бойынша туған балаларының саны жөнінен Түркістан облысы алда тұр. Бұл облыста 10 және одан да көп балалы 15 365 алтын құрсақ ана тұрады. Екінші орында Жамбыл облысы тұр. Әулиеата өңірінде 5 947 ана 10 баладан жоғары құрсақ көтерген. Жоғары көрсеткіш бойынша үштікті Шығыс Қазақстан облысы түйіндеген, 10 бала және одан жоғары баланы өмірге әкелген аналардың саны – 5 799.
Үш мегаполис: Астана, Алматы, Шымкент қалаларының ішінде 10 және одан жоғары баласы бар аналардың саны Шымқалада жоғары – 3 316. Ұлттық статистика бюросы бұл тізімді қанша бала тапқанын көрсеткен әйелдердің көрсеткішіне қарап саралаған.