Аймақтар • 28 Қараша, 2023

Бармағынан бал тамған

358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Жігітке жеті өнер де аз» дейтін тәмсілді ұстанатын Бағ­дат Қадыров түрлі ас мәзірін дайындауды сүйік­ті ісіне айналдырған. Алай­да бармағынан бал там­ған аспаз болу – екінің біріне бұйыра бермейтін бақ. Де­генмен, атыраулық аспаздың тағамынан дәм татуды қалайтындар көп.

Бармағынан бал тамған

Жақында ол Түркияның Ан­талия қаласында өткен Gastro Аntalya гастрономиялық фести­вальға қатысты. Атыраулық ас­паз жігіт әлемнің түрлі елінен 750 аспаз қатысқан сайыста екі түр­лі ас мәзірін ұсынды. Қазақтың ұлттық тағамына арқау болған еттен дәмді тағам дайындады. Оған қоса балықтан дәмі тіл үйіретін ас пісірді.

«Кез келген асты шын көңілмен пісіру қажет. Түрлі дәмдеуішті қосудың шекті мөлшерімен қосқан жөн. Сонда тағам дәмді болады», дейді Б.Қадыров.

Гастрономиялық фестиваль­дың қазылар алқасы Бағдат Қа­дыров дайындаған екі тағамның дәмін татып, бірінші және екінші жүлдені беруге шешім қабылдады. Бұл әрине, қазақ аспазының ас мә­зіріне өзге елдерден келген әріп­тестерінің қызығушылығын оятты.

Қазір Бағдат Қадыров телеар­налардың бірінде өнер иелерімен бірге ас пісіретін бағдарламаға қа­тысып жүр. Іnstagram желісіндегі парақшасында ас дайындауға қа­тысты «лайфхакын» жариялап жүр. Оның парақшасына тіркелген 300 мыңға жуық оқырман жаңа ас мәзірін күтіп отырады.

 

Атырау облысы