Спорт • 29 Қараша, 2023

Словениядағы сайыс

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Словенияның Нова-Горица қа­ласында үстел теннисінен жастар арасындағы әлем біріншілігі басталды.

Словениядағы сайыс

Дүние жүзінің дарынды жастары бас қосқан бәсекеде Қазақстанның өрендері де бақ сынап жатыр. Алғаш болып жарыс жолына Алан Құрманғалиев пен Сарвиноз Мірқадырова шықты. 1/16 финалда Алан жергілікті спортшы Брин Вовкке қарсы ойнаса, Сарвиноз германиялық Аннетт Кауфманнмен күш сынасты. Бельгиялық Том Колзетпен жұп құрған Құрманғалиев Аустралия өкілдері – Николас Лум және Финн Луумен кездессе, Мірқадырова мен Хана Арапович (Қазақстан/Хорватия) жұбы Үндістанның бұрымдылары – Сухана Сайни және Яшасвини Горпадемен шеберлік байқасады.

Ал миксте Алан Құрманғалиев пен Хана Года (Қазақстан/Мысыр) және Брин Вовк пен Энья Молтара (Словения) арасындағы сайыс­ты тамашалаймыз.