Қоғам • 29 Қараша, 2023

Жезқазғанда жылу желісін жаңартуда 223 миллион теңге негізсіз жұмсалған – прокуратура

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Прокурорлар Жезқазған қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің (ТКШ) қызметін тексерді. Тексеру нәтижесінде  Жезқазған қаласының жылу желілерін қайта құру және жаңғырту кезінде бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде талан-таражға салу фактісі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлытау облысы  прокуратурасының баспасөз қызметіне  сілтеме жасап.

Жезқазғанда жылу желісін жаңартуда 223 миллион теңге негізсіз жұмсалған – прокуратура

Фото: gov.kz

«2021 жылы ТКШ бөлімінің лауазымды тұлғалары құрылыс жұмыстарын жоғары бағамен қабылдаған, бұл 223 млн теңгеден астам мөлшерде бюджет қаражатын негізсіз артық төлеуге әкелген. Аталған факт бойынша облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастап, оны тергеп-тексеру Ұлытау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментіне тапсырылды. Қылмыстық істі тергеп-тексеру барысы облыс прокуратурасының бақылауына алынды», делінген ақпаратта. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сай  өзге мәлімет тергеу мүддесіне сай жария етілмейді.