Спорт • 29 Қараша, 2023

«Өте нашар көрсеткіш». Министр қазақ спортшыларын сынға алды

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан спортшылары келесі жылы болатын Париж Олимпидасына бар жоғы 17 лицензия жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz

«Өте нашар көрсеткіш». Министр қазақ спортшыларын сынға алды

Qazaqstan.tv арнасының жазуынша, жолдама сегіз спорт түріне тиесілі. Бұл басқа Олимпиадалардың дәл осы кезеңдегі лицензия санымен салыстырғанда өте аз.

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев төрт жылдықтың басты бәсекесінің нәтижесі қалай болатынына қазірден алаңдап отырғанын жасырмады. Жалпы жанкүйерлер жүлдені бокстан күтеді. Бірақ әзірге бұл спорт түрінен 2 ғана жолдама бар. Министр мұны өте нашар көрсеткіш деді.

Ал спортты дамыту дирекциясының өкілі Олимпиадаға дейін тағы 90 лицензия жеңіп алу міндеті тұрғанын жеткізді.