Спорт • 30 Қараша, 2023

Іріктеу сынына даярлық

112 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның футзалшылары 2024 жылы Өзбекстанда жалауы желбі­рейтін әлем чемпионатының іріктеу турниріндегі соңғы екі кездесуін Ни­дер­ланд пен Румынияға қарсы өткіз­етіні белгілі.

Іріктеу сынына даярлық

Таяуда ұлттық командамыздың бас бапкері Марлон Веласко алдағы жауапты матчтарда есімдері төменде аталған аяқдоп шеберлеріне сенім артатынын жария етті: Қақпашылар – Деннис, Игита, Нарұн Серіков. Алаңдағы ойын­шылар – Эдсон, Жаһангер Рәшит, Денер, Альберт Акбаликов, Педро, Диего, Дәурен Тұрсағұлов, Дуглас Жуниор, Біржан Оразов, Дамир Қайырбай, Кайо Руиз, Игор Шушу, Алекс Виана және Алиссон.

Естеріңізге сала кетейік, жерлестеріміз 14 желтоқсанда Астанада Нидерланд құрамасын қабылдайды. Арада бір апта өткеннен соң Бухаресте Румынияның футзалшыларымен шеберлік байқасады.