Аймақтар • 29 Қараша, 2023

Ынтымақтастық форумы

207 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалында Қазақстан мен Ресейдің іргелес өңірлері арасындағы ынтымақтастық мәселесіне арналған «Еуразия қақпасы» халықаралық форумы өтті. Жиында қазіргі қоғам беталысындағы өзекті мәселелер мен екі ел арасындағы интеграциялық үдерістер талқыға түсті.

Ынтымақтастық форумы

Форум жұмысы «Сөз жолы», «Нан жолы», «Жібек жолы», «Су жолы» деп аталған төрт бағытта өрбі­ді. Алғашқысында дәстүрлі БАҚ пен жаңа медианың жұмысы, екінші сек­­цияда Қостанай және Челябі об­л­ыс­­тарын­дағы шығармашылық бір­лес­тік­тердің дамуы, музейлер мен га­лереялардың, көрме орта­лық­­тары­ның жай-күйі сөз болды. Ал «Нан жолы» секциясына жинал­ған­­дар түрлі халықтардың танымы мен мә­д­е­ниетінде нанның алатын орны, нан пісірудің дәстүрлі әдіс­тері тал­қы­­лан­ды. Аталған секция жұмы­сы ая­сында Қостанай мен Челябі нау­бай­ханаларында пісірілген нан өнім­дері көрмесі ашылды. Жиын­ның «Жібек жолы» атты бөлі­мінде кәсіп­керлер мен салалық мекеме­лер­дің өкілдері іргелес екі өңір ара­сын­дағы экономикалық байланыс­ты нығайту, кәсіпкерлікті дамы­ту­да тәжірибе алмасу мәселесін талқы­лады. Сондай-ақ шалғай өңірлер­ді тастап кетіп жатқан халықты қа­лай тоқтатуға болады деген сауал төңі­­ре­гінде пікір алысты. Мысалы, Челябі мемлекеттік университетінің до­центі, экономика ғылымдарының кан­­ди­даты Дмитрий Плетнев шет өңір­­лерден көбіне 20-24 жас аралы­ғын­дағы тұрғындар көшіп жатқанын айтады.

«Негізінен жастар кетіп жатыр. Мәскеу немесе Санкт-Петербург секілді ірі қалаларға білім алуға немесе табысы жоғары жұмыс іздеп кетеді. Мұндай жағдай Қазақстанда да бар деп ойлаймын. Сондықтан мем­­лекет жергілікті жастардың бас­та­ма­сына барынша қаржылай қолдау жасап отыру керек», деді Д.Плетнев.

«Су жолы» секциясына экологтер мен экологиялық жауапкершілігін арттыру мақсатында ізденіс жасап жатқан кәсіпорын басшылары жиналды. Бұл жерде өзен-көлдерді сақ­тау, қорғау, сауықтыру, су тазар­ту нысандарын салу, экология сала­сы­на маман даярлау мәселелері көтерілді.

Форум аясында қазақ, орыс, татар, башқұрт халықтарының фольк­лорлық әндері шырқалды. Көр­шілес екі өңірді мекендеген халық­тардың тұрмыс-мәдениетінен сыр шертетін көрме ашылды. Көрмеге қойылған жәдігерлердің ішінде татар-башқұрт халқының ағартушысы, кезінде Троицк қаласында медресе ұстаған Зейнолла Расуловтың таяғын, ХVІІІ-ХІХ ғасырлардан жеткен ұлт­тық киім үлгілерін көруге болады.

 

Қостанай облысы