Фото: 2 GIS қосымшасынан
Қосымшада орналастырылған суреттерге назар салсақ, төсек-орындар бір-біріне тым жақын, тығыз орналасқан.
Жертөледе жасақталған хостелдің кей бөлмелерінде, тіпті, терезе де жоқ.
Қосымшада хостелде 100 төсек-орын бар екені көрсетілген. Төлем ақысы күніне 2000 теңгеден басталады. Ал айына 25 мың теңге болған.
Айта кетейік, осы хостелде бүгін таңғы сағат 5:33-те өрт болып, 13 адам қаза тапты.