Елорда • 30 Қараша, 2023

Жаңа жылу қуаты іске қосылды: Астананы жылыту жұмысы қалай жүріп жатыр?

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астананы жылумен қамтамасыз ету жұмысы туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа жылу қуаты іске қосылды: Астананы жылыту жұмысы қалай жүріп жатыр?

Фото: gov.kz

«Құрылысы ұзаққа созылған ЖЭО-3-ті іске қосу үшін үлкен жұмыс атқарылды.
Аталған жылу электр орталығындағы төрт қазандықтың бәрі іске қосылды. Бұл қаланы 440 Гкал/сағатпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

ЖЭО-3-тің бірінші кезеңінің құрылысы қазан айында аяқталды. Нысан осы кезден бастап қалаға жылу беруді бастады. ЖЭО-3 сол жағалаудың бір бөлігін және құрылыс жұмыстары жүріп жатқан жаңа аудандарды жылумен қамтиды.

Сол сияқты тіршілікті қамтамасыз ететін жаңа нысандарда жаңа қуаттар іске қосылды. Мәселен, жаңа «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станциясын алайық. Бұл газ жылу станциясы «Бағыстан», «Мыңжылдық аллеясы» тұрғын үй кешендері аудандарын, қаланың сол жағалауын жылумен сенімді қамтамасыз етеді. Осы жылдың соңына дейін станцияны 350 Гкал/сағ максималды қуаттылыққа дейін жеткізу бойынша іске қосу жұмысы жалғасады.

Сондай-ақ желтоқсан айында қуаттылығы 350 Гкал/сағ болатын «Тұран» газ жылу станциясының 1-кезеңін іске қосуды жоспарлап отырмыз. Осылайша, үш нысанның күші 1140 Гкал/сағ құрайды», деп жазды Жеңіс Қасымбек.