Спорт • 30 Қараша, 2023

Испаниядан ойсырай ұтылды

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Скандинавия түбегінде шымылдығы түрілген гандболдан әйелдер ара­сын­дағы әлем чемпионатының тұсау­кесер кез­десуін жерлестеріміз Испания құра­масына қарсы өткізді.

Испаниядан ойсырай ұтылды

Лондон Олимпиадасында қола медаль алып, әлем (2011 жылы – қола, 2019 жылы – күміс) және Еуропа чемпионатында (2018, 2014 жылдары – күміс) екі реттен жүлдегерлер қатарынан көрінген азулы командаға біздің қыздар лайықты қарсылық көрсете алмады. Бұл бәсеке Пиреней түбегінен келген бұрымдылардың айқын басымдығымен аяқталды. Есеп – 34:17. Испанияның қол добы шеберлері жерлестерімізден барлық жағынан басым  түскенін мойындамасқа лаж жоқ. Олар бізге қарағанда жылдам, епті, шапшаң қимылдап, техникалық және физикалық тұрғыдан да әлдеқайда мықты екенін көрсетті. Міне, осындай артықшылықтарының арқасында испандықтар бұл бәсекеде Қазақстанды еш қиналмай ұтты.

Бүгін қыздарымыз Бразилияға қарсы ойнайды. Ал 3 желтоқсанда Украинамен шеберлік байқасады.