Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2023

Екібастұзда жаңа зауыт салынады

102 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.

Екібастұзда жаңа зауыт салынады

Жиналғандар Павлодар облысының Екібастұз қаласында ферроқорытпа өндіретін зауыт салу мәселесін талқылады. Қуаты жылына 80 мың тонна ферросилиций болатын жоба 520-дан астам тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Зауыт ферроқорытпа өнімін Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ, Түркия және Еуропа елдеріне экспорт көлемін арттыруға септеседі. Жоба бойынша инвестиция көлемі 113 млрд теңгеден асса, пайдалануға беру мерзімі – 2025 жыл деп жоспарланып отыр.

Комиссияның кезекті отырысында мұнай кен орындарын одан әрі игерудің өзекті мәселелері қозғалды. Өндіріс тиімділігін арттыру, жұмыс орындарын құру және қызмет көрсету компанияларын қажетті жұмыс көлемімен қамтамасыз ету сияқты бағыттар қаралды.

Сонымен қатар мемлекеттік комиссия мүшелері Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын талқылады. Атап айтқанда, жобаларды қосу және алып тастау бойынша жаңартылған критерийлер, сондай-ақ бірқатар активті бәсекелестік ортаға беру жөніндегі ұсыныстар сараланды. Оның ішінде, Qazaq Air әуекомпаниясын 2024 жылы бәсекелестік ортаға беру мәселесі талқыланды.

оо