Фото: gov.kz
Жаңаарқа кенті тұрғындарымен кездесу барысында өңір басшысы Қызылжар елдімекенінде салынатын жел электр стансаларының құрылысы – өңірдегі энергетика қажеттілігін шешуге мол мүмкіндік беретінін жеткізді.
Облыс әкімінің айтуынша Жаңаарқа ауданындағы 20 гектар жерді көршілес мемлекетке меншікке немесе ұзақ мерзімді жалдауға беру жайында таралған түрлі пікір шындыққа жанаспайды.
«Қытайлық «Синохайдро» компаниясы инвестор ретінде қажетті қаражатты береді, жоба іске қосылып, өнім пайда әкелгеннен кейін қаржы толық қайтарылады. Құрылыс жұмыстарын жезқазғандық «ТехноГруппСервис» компаниясы жүргізеді. Сәйкесінше өңірде жаңа жұмыс көздері ашылады», деді өңір басшысы.