УЕФА футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыбергеннің Дания қақпасына соққан голын Еуро-2024 іріктеу турниріндегі үздік гол деп таныды.
Дауыс беру нәтижесі бойынша Асхат бірінші орында. Екінші және үшінші орынды Албания ұлттық құрамасының ойыншылары бөліп алды.
Қазақстан футболшысынан бөлек Жан Випотник (Словения), Эмин Махмудов (Әзербайжан), Юнус Акгюн (Түркия), Килиан Мбаппе (Франция), Ясир Асани (Албания), Кристьян Аслани (Фарер аралдары), Букайо Сака (Англия), Сандро Вольфингер (Лихтенштейн), Леандро Троссар (Бельгия) соққан голдары да үздіктер қатарында болған еді.
Айта кетейік, Асхат Тағыберген маусым қорытындысы бойынша үздік гол авторына беретін «Пушкаш» трофейіне де үміткерлер қатарында.