aqorda_resmi
Мемлекет басшысының қатысуымен мынадай құжаттарға қол қойылды:
- Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы жел электр станциясын (1 ГВт) салу жобасын жүзеге асыру туралы Үкіметаралық келісім;
- ҚР Үкіметі, «Ақтас Энерджи» ЖШС мен TotalEnergies компаниясы арасындағы «Жамбыл облысы Мирный кенті аумағында қуаты 300 мегаватт/600 мегаватт-сағат болатын энергия жинақтаушы аккумуляторлық жүйені пайдалана отырып, жалпы қуаты 1 ГВт жел энергиясын пайдаланатын электр станциясын әзірлеу, салу және пайдалануға беру» жобасын іске асыру жөніндегі инвестициялар туралы келісім;
- Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ мен Біріккен Араб Әмірліктері Инвестициялар министрлігі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында жалпы қуаты 10 ГВт болатын төмен көміртекті энергетиканы дамыту бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
- Qazaqstan Investment Corporation компаниясы мен ADQ арасындағы стратегиялық серіктестік бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
- «Самұрық-Қазына» АҚ мен ACWA Power компаниясы арасындағы энергия жинақтау жүйесі арқылы жиынтық қуаты 1 ГВт болатын жел электр станцияларын салу жөніндегі жобаны бірлесіп әзірлеу туралы келісім;
- «Самұрық-Қазына» АҚ мен PresightAI компаниясы арасындағы цифрландыру және ақпараттық технология саласындағы жобаларды іске асыру үшін бірлескен кәсіпорын құру туралы келісім;
- «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен AD Ports Group компаниясы арасындағы Қазақстанда кеме жөндеу және кеме жасау кәсіпорнын құру бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
- «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен Abu Dhabi Ports Group компаниясы арасындағы бірлескен кәсіпорын құру туралы келісім;
- «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «SAFC» ЖШС мен SEFE Marketing & Trading компаниясы арасындағы орман-климаттық жобаларды іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандум;
- «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен Emirates Nuclear Energy Corporation компаниясы арасындағы табиғи уран концентраттарын тасымалдау туралы келісім.