Ауа райы • 03 Желтоқсан, 2023

Бұрқасын, тұман. Қазақстанның 15 өңірінде күн райы бұзылады

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК ертең, 4 желтоқсан күні елдің 15 өңірінде күн райы бұзылатынын ескертті, деп жазады Egemen.kz.

Бұрқасын, тұман. Қазақстанның 15 өңірінде күн райы бұзылады

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі. 

Астанада түнде және таңертең бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с болады деп болжанып отыр.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. 

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын болады деп болжанып отыр. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с болады.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, тәулік бойы екпіні 23-28 м/с болады.

Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с жетеді.