Сәукеле бойжеткенге сән береді,
Көркіне көрік қосып, әр береді.
Алдына тартылған-ау әр заманда,
Қазақтың сұлуының бар керегі.
Сай келген салтанаты мәртебеге,
Құны бар бес жүз аттың сәукеледе.
Үкілі сәукелемен алтын зерлі,
Сұлуым сылқым ерке хан төбеде...
Қорғанбек АМАНЖОЛ,
Жоба авторы – Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ