Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2023

Әбіш мектебіндегі жылыжай

176 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Атырауда көрнекті жазушы, қайраткер Әбіш Кекілбайұлының аты берілген мектеп-гимназия бар. Білім ордасының ашылғанына көп жыл өте қойған жоқ. Жақында мұнда шағын жылыжай іске қосылды.

Әбіш мектебіндегі жылыжай

Жылыжайдың ашылуына «Экологика» қоғамдық қоры қолдау білдірді. Қор басшысы Татьяна Тегайдың айтуынша, бұл – «Теңізшевройл» компаниясының әлеуметтік бағдарламалар инвестициясы аясындағы «Жасыл мектеп» жобасымен ашылған алғашқы жылыжай. Енді мұнда алуан түрлі гүл мен көкөністі өсі­ру жоспарланып отыр. Жо­баға 3-9-сыныптардың 380 оқу­шы­сы қатысады.

«Атырау облысындағы түйт­­кілді мәселенің бірі – экология. Сол себептен, мұндай ин­новациялық әрі жасыл жоба өзге мектептерде қолға алынуы керек. Мақсат – оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға жұ­мылдырып, экологиялық таза кө­көністер өсіруге ынталан­ды­ру», дейді облыстық білім бас­қармасының басшысы Ерлан Сламб­еков.

«Экологика» қоғамдық қо­­рының басшысы Татьяна Те­гайдың дерегіне қарағанда, бұл жобаны іске асырудың бірнеше мақсаты бар. Алдымен мек­тептерде экобілім беруді енгізу көзделген. Сондай-ақ бі­лім ордалары жанынан жылы­жай ұйымдастыру жос­пар­ланған. Енді мұндай жоба өзге мектептерде де қолға алынуы мүмкін.

«Теңізшевройл» ЖШС экология бөлімінің бас менеджері Ронда Йодердің мәліметінше, «Теңіз» кен орнында қалдық­тар­дың 35 түрі өңделеді. Ал өң­дел­ген қалдықтардың 44 пайызын қайта пайдалану мүмкіндігі бар.

«Қоқысты қайта өңдеу де пайда әкеледі. Сол себептен, «Жасыл мектеп» жобасына қа­тысушы балалар жинайтын, сұрыптайтын бөтелкелер мен қағаздар да кәдеге асады. Эко­лог ретінде балалардың таби­ғатты қорғауға деген шы­найы қызығушылығын бай­қадым», дейді Ронда Йодер.

Экологтер балаларға жылыжай мен өсімдік шаруашылығын жүргізу, су мен энергияны үнем­деу, қалдықтарды қайта өңдеу негіздерін үйретті. Дәріс тыңдаған балалар 38 кило қа­ғаз қалдығы мен 20 кило плас­тикалық бөтелке жинады.

 

Атырау облысы