Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстанның бастамасымен ұйымды одан әрі нығайту және дамыту, сондай-ақ ынтымақтастықты тәжірибелік шаралармен толықтыру жөніндегі ұсыныстарды қарады.
Қазақстанда өтетін ШЫҰ негізгі органдары – Мемлекет басшылары кеңесінің, Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырыстарын, сондай-ақ Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының кездесулерін сапалы дайындау бойынша мәселелерге басты назар аударылды.
2024 жылы Астанада өткен ШЫҰ саммитінде қол қоюға жоспарланған құжаттардың жобаларына, оның ішінде Мемлекет басшысы айтқан «Әділетті әлем мен келісімді жақтайтын дүниежүзілік бірлік туралы» ШЫҰ бастамасына келісу жұмыстары жүргізілді. ШЫҰ-ның қазіргі кезеңдегі қызметін жетілдіру мәселесі бойынша тиісті шаралар мен ұсыныстар қаралды.
Ұлттық үйлестіруші, СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Мұрат Мұқышев атқарылып жатқан жұмыстың маңызын, сондай-ақ тиімді практикалық көпжақты өзара іс-қимыл мүддесінде ШЫҰ-ны жетілдіру мәселесі бойынша объективті және өзара қолайлы шешімдерді әзірлеуде мүше мемлекеттердің сындарлы көзқарасын атап өтті. Ұлттық үйлестірушілер Ұйымның қазіргі қызметі мәселелерін, соның ішінде ШЫҰ-ның 2024 жылға арналған негізгі іс-шаралар жоспарын да талқылады.
Отырыс дәстүрлі түрде жылы шырайлы достық ахуалда өтті. Тараптар бірлескен жұмыстың нәтижелілігін, Қазақстанның ұйымға төрағалық етуінің басымдықтары мен жоспарларын іске асыруға бағытталғанын атап көрсетті.