Жәдігер • 03 Желтоқсан, 2023

Түнжелінің тарихи құлпытастары

142 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қандай да бір аймақта орналасқан молалар, қабірлер және құлпытастар – сол өңірдің белгілі бір халыққа тән екенін дәлелдейтін ең маңызды ұлттық таңба. Сонымен қатар құлпытастар – әр кезеңнің мәдениеті мен тыныс-тіршілігін көрсететін тарихи жәдігерлер.

Түнжелінің тарихи құлпытастары

Түркияның Түнжелі провин­ция­сындағы құлпытастар Ана­до­лыға Түркістаннан көшіп бар­ған түркі руларының дүние­таны­мы мен мәдениетін паш етіп тұр. Провинцияның әртүрлі аймағында бүгінге дейін жеткен тарихи құлпытастарда мәдени дәстүрлердің сабақ­тастығы бай­қа­лады. Аймақтағы қошқар тә­різді құлпытастар Аққойлы (Ақ­қойлы немесе Аққойынлы мем­ле­кеті – Анадолының шығысы мен Иран­ның батысында 1378-1508 жылдары өмір сүрген мемлекет) дәуірін айғақтайды.

орв

Түнжелі аймағындағы ескі бейіттер биік жерлер мен төбе­лер­де орналасқан. Қабір тас­та­рынан діни-мифологиялық элементтермен қатар дәстүрлі әдет-ғұрыптарды да көруге болады. Қошқар, қой құлпытастары аяқ­тарында тік тұрғызыл­ған. Қарапайым ғана жасалған мү­сін­­­дердің кейбірінде түркі­лер­дің домбыраға ұқсас музыка аспабы бағлама, қылыш, пышақ, қалқан, қанжар, тоқыма құралдары, кәуап пісіретін ша­нышқы сияқты бұйымдардың бедерлі фигуралары, сондай-ақ әртүрлі жануар мен өсімдіктің бейнелері кеңінен қолданылған. Бұл суреттер тек сәндік фигура ғана емес, сол жерде жатқан адамның жынысын, әлеуметтік жағдайын және мамандығын көрсетеді. Қылыш, қалқан, ат, жебе, қошқар, мыл­тық, пышақ сияқты пішіндер бейіт иесінің ер екенін, оның ерлігін көрсетеді. Шам, таразы, т.б. заттар діни қызметкерлердің құлпытастарында бейнеленген. Ине, тұтқа, моншақ сияқты фигуралар әйелдерге тиесілі құлпытастарда қашалған. Құмы­ра мен науа сияқты фигуралар – жомарттықтың көрінісі.

ич

Тарихи құлпытастар Түн­желі­нің Ұзұндал, Елдеген, Гелинчик, Мазгирт-Кале, Каябағы, Чалыөзү, Пүлүмүр, Салқымөзү, Бос­танлы, Обажык аудандарында орналасқан. Мысалы, бір ғана Пүлүмүр ауда­нындағы Сағ­лам­таш аулы зиратында 11 қошқар мүсіні бар. Зерттеулер көрсеткендей, бұл құлпытастар бұдан 300-500 жыл бұрын жасалған. Салмағы 200-300 кг болатын мүсіндер қабірдің шетіне қойылған. Ескі қабір тастары тіркелген және қорғауға алынған.

Түнжелідегі қошқар мен қой мү­­сіндері Көктүркілер кезеңіне тән Моңғолиядағы қаған­дық ке­шен­­дерінен та­был­­ған қошқар мүсін­дерін еске түсіреді. Бұл ұқ­састық Алтай­дан Анадолыға де­йін­ созылып жатқан біртұтас Түр­кі өркениетінің айнымас бір дәле­лін­дей болып, өз зерт­теу­ші­лерін кү­тіп­ жатыр.

 

Нұржанат ӘМЕТБЕК,

PhD, халықаралық қатынас маманы