Заңнаманы бұзу фактілерін анықтау үшін саяжай алаптарын, құрылыс объектілерін, базарларды, шаруа қожалықтарын, жалдамалы пәтерлерді, шалғайдағы және өзге де күмәнді орындарды, үй-жайлар тексерілген. Нәтижесінде іздеуде жүрген 219 қылмыскер ұсталған.
Бұдан басқа, 181,5 мың әкімшілік құқық бұзушылық белгілі болды. Тәртіп бұзғандар арасында ең көп келеңсіз жағдай отбасы-тұрмыстық қатынас саласында анықталды.
«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы нәтижесінде Ішкі істер органдарының есебінде тұратын 95,3 мың адам тексерілді. Бұдан басқа отбасы-тұрмыстық қатынас саласында 4 489 қорғау ұйғарымы шығарылды және 1 077 ерекше талап белгіленді.