Егемен Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2023

IQas кубогі – «Егеменде»

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ойнай отырып ойлай білетін орта қалыптасып келеді. Олар – заманауи әрі креативті ойлайтын жастар. Оларды табыстырған көңілді куиз интеллектуалды ойын алаңы. Осындай зияткерлік бәйгеде «Egemen Qazaqstan» газетінің тілшілер қосыны ой оздырып, топ жарған еді.

IQas кубогі – «Егеменде»

Қазір бұл заманауи зияткерлік ойын көпшілікке кеңінен таныла бас­тады. Бүгінде Астана қаласының өзінде 20-дан аса куиз ойыны тұ­рақ­ты түрде айына бірнеше рет ұй­ым­дастырылады. Бірақ бұл куиз­дердің көбі орыс тілінде өтеді. Қазақ ті­лінде өтетін куиздер санаулы ғана. Би­ыл бұл қатар толыға түсіп, «TezTap», «Bastime» ойындарына IQas кор­по­ра­тивтік куизі қосылды.

Ойынның ұйымдастырушысы Мерей Ермұхановтың айтуынша, IQas куизінің ерекшелігі – қатысушы құ­ра­малар бір ұжымнан құралады. Яғни бір ұжымдағы қызметкерлердің өзара байланысын нығайтуға септігі мол.

Ай сайын өкізіліп тұратын IQas корпоративтік куизіне біздің «Егемен» командасы тұрақты қатысып келеді. Бұған дейін екі рет қатарынын екінші орын иеленген едік. Осы жолғы қараша айының қорытынды ойынында біздің команда 32 ұпаймен топ жарды. Ал екінші орынды 26 ұпаймен «KEGOC» акционерлік қоғамының командасы иеленсе, 25 ұпаймен үшінші орынды Инженерлік техникалық орталығының қызметкерлерінен құралған «РМК» командасы алды.

IQas жобасы өте қызықты, әдеттегі куиз форматында жасалса да, өзіндік ерекшелігі бар. Сұрақтары аса күрделі емес. Кез келген қатысушы жауабын таба алатындай логикаға құрылған.