Тексеріс нәтижесінде ұшақ билеттерін ұшу күні немесе таяу күндерде сатып алған кезде «Air Astana» жолаушылардың барлық санаттарынан 3 500-ден 6 500 теңгеге дейінгі мөлшерде жанармай алымын негізсіз алып, оны қолданудың мақсаты мен қағидатын іс жүзінде өз қалауынша реттегені анықталды. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің хабарлауынша, отын алымы тасымалдауға арналған тарифтің қолданылу кезеңінде авиаотынға жұмсалатын шығындардың өсуін өтеу мақсатында ғана алынуы мүмкін, оны есептеу кезінде бұл өсімді ескеру мүмкін болмапты.
Осы ретте әуе компаниясы мен агенттік арасында ішкі бағыттар бойынша монополиялық бағыттардағы бағаны тежеуге бағытталған монополияға қарсы комплаенс жасалды. Біріншіден, 2023 жылғы 6 желтоқсаннан бастап жанармайға қосымша ақы қолдану алып тасталады. Яғни ұшу күніне қарамастан 2023 жылғы 6 желтоқсанға дейін жанармайға үстемеақы төленіп, сатылған билеттерге қолданылмайды. Мәселен, Астана – Алматы бағытындағы билеттің орташа бағасы ағымдағы бағаның орнына 28 435 теңгеден 24 435 теңге болады (бағаның төмендеуі 14%), Алматы – Ақтау бағытында орташа баға қазіргі 37 568 теңгенің орнына 31 078 теңгені құрайды (бағаның 17%-ға төмендеуі). Екіншіден, 2024 жылдың соңына дейін ішкі бағыттар бойынша жолаушыларды авиатасымалдау қызметтерінің бағасын көтеру шектеледі. Үшіншіден, осы жылы және 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін «Air Astana» орташа және төмен бағамен сатылатын билеттерінің саны 70%-дан (яғни Y, B, H брондау класының тарифтері бойынша тек 30%) төмен болмауға тиіс.
«Сондай-ақ Агенттік келесі жүйелі шараларға бастамашылық жасайды: Агенттіктің бастамасымен Көлік министрлігі «ауа еркіндігінің» 5-дәрежесіне қолжетімділікті кеңейту мақсатында шетелдік тасымалдаушылардың отандық авиакомпаниялармен қатар жекелеген әуежайларда маршруттар бойынша ұшуларды жүзеге асыру мүмкіндігін кеңейтетін шаралар қабылдады. Бұл шетелдік авиакомпаниялардың келуін ынталандыруға мүмкіндік береді, бәсекелестікке оң әсер етеді және тұтынушылардың таңдауын арттырады. Сонымен қатар агенттік жанармай алымын алуды тоқтатуды көздейтін заңнамаға түзетулер енгізуге бастамашылық жасады», делінген хабарламада.