Ауа райы • 06 Желтоқсан, 2023

Қазақстанда 33 градусқа дейін аяз болады

526 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін еліміздің батысы мен солтүстігінде жаңбыр мен қар жауады, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанда 33 градусқа дейін аяз болады

Республиканың солтүстігінде қалың қар жауады, көктайғақ болып, боран соғады. Оңтүстік-шығыс пен шығыста жауын-шашын күтілмейді.

Алдағы тәулікте ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді, бірақ 7 желтоқсаннан бастап антициклонның басып кіруі нәтижесінде ауа температурасының төмендеуі күтіледі.

Сонымен қатар 7 желтоқсанда солтүстік-батыс салқын антициклоны кіріп келеді де республиканың барлық бөлігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы күрт төмендейді. Елдің батысы, орталығы мен шығысында 10-18°С аяз, солтүстік-батысы мен солтүстігінде 25-33°С аяз, оңтүстігінде 5-13°С аяз болуы ықтимал.