Президент • 06 Желтоқсан, 2023

Президент Heriot-Watt университетінің Ақтөбе қаласындағы филиалына барды

107 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында Президент жоғары оқу орнының білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысты, деп жазады Egemen.kz.

Президент Heriot-Watt университетінің Ақтөбе қаласындағы филиалына барды

Білім ордасында еліміздің 9 өңірінен келген 300 студент оқып жатыр. Олардың 35 пайызы ауыл мектептерінің түлегі, ал 42 пайызы әлеуметтік жағдайы төмен санаттағы отбасылардың балалары.

Бұл филиал Мемлекет басшысының жоғары білім беру жүйесін қайта құру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің базасында ашылған.

Президентке берілген мәліметке сәйкес электр энергетикасы, мұнай инженериясы және энергетикалық менеджмент, компьютерлік инженерия мамандықтары бойынша кадр даярлау ісі ағылшын тілінде жүргізіледі.

Мемлекет басшысына студенттердің Heriot-Watt университетінің Малайзиядағы, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі, Шотландиядағы филиалдарында білімін жалғастыру мүмкіндігі бар екені жөнінде мәлімет берілді. Филиал түлектері Heriot-Watt University мен Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің дипломдарын бірге алады.

Ғылыми жетістіктерге арналған көрмені аралау барысында Президентке жоғары оқу орны ғалымдарының жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы әзірлемелері таныстырылды.