Президент • 06 Желтоқсан, 2023

Президент жас спортшымен үстел теннисін ойнады

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президентке орталықтың директоры Әсет Сағымбаев нысанның жұмысы жайында мәлімет берді, деп жазады Egemen.kz.

Президент жас спортшымен үстел теннисін ойнады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салынған бұл спорт кешені халықаралық стандарттарға сай келеді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің батыс өңіріндегі ең ірі үстел теннисі орталығының мүмкіндіктері таныстырылды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы жас спортшы Нәби Қисанмен үстел теннисін ойнап, ракеткаға «Жаңа жетістіктер тілеймін!» деп қолтаңба қалдырды.

Кешеннің барлық корты сертификатталған және құрал-жабдықтары Еуропадан әкелінген. Мұнда әртүрлі жастағы кәсіби спортшыларды дайындауға және халықаралық, әлемдік деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік бар.

Бүгінде орталықта 268 бала үстел теннисімен айналысады.