Ауа райы • 07 Желтоқсан, 2023

Еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктердің болжауынша, Республика бойынша тұман түсіп, еліміздің оңтүстік жартысында жел күшейеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді

Суық солтүстік-батыс антициклонының енуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы күрт төмендейді, тек Қазақстанның шығысы мен оңтүстік облыстарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) сақталады.

«Түнгі сағаттарда ауа температурасы батыста 10-20 градус аязға дейін, солтүстік-батыста және солтүстікте 28-38 градус аязға дейін, еліміздің қиыр солтүстігінде 42 градус аязға дейін, республиканың орталығында және шығысында 28-33 градус аязға дейін, Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде 5-13 градус аязға дейін төмендейді. Республика бойынша тұман түсіп, еліміздің оңтүстік жартысында жел күшейеді», делінген болжамда.