"Бүгін @kanat_sveta_aitbayevtar ағатайымыздың туған күні. Менің өмірдегі, өнердегі жолымды айқындап берген ағатай, менің ғана емес, менің барлық достарымның, бірге жүрген бауырларымның ұстазы. Бақытты, баянды ұзақ өмір тілеймін, ағатай!", деп жазды әнші желідегі парақшасында.
Бұдан бөлек, өнер иесінің әлемнің түкпір-түкіпіріндегі жанкүйерлері де Қанат Айтбаевты туған күнімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірген.