Футбол • 07 Желтоқсан, 2023

Алдыңғы лекте – Анри

114 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыбританияның «FourFourTwo» жур­налы 2000 жылдың алғашқы он­жылдығының ең үздік шабуыл­шыл­а­ры­ның есімдерін атады.

Алдыңғы лекте – Анри

Теңдессіздер көшін Тьери Анри бас­тап тұр. Ол өзінің жұлдызды жылдарын Лондонның «Арсеналы» мен Католонияның «Барселонасында» өткізді. Қарсыластар қақпасына топырлатып гол соғып, аталған клубтардың биік белестерді бағындыруына сүбелі үлес қосты. Франция құрамасы сапында әлем чемпионы (1998), әлем чемпио­натының күміс жүлдегері (2006), Еуропа чемпионы (2003) және Конфедерация кубогінің иегері (2000) атанды. Өз елінің ұлттық командасының құрамында 123 рет жасыл алаңға шығып, 51 гол соқты. Сон­дай-ақ ТОП-10 шабуылшының қатарына брази­лиялық Роналдо, ұлыбританиялық Уэйн Руни, швециялық Златан Ибрагимович, каме­рундық Самюэль Это’О, украиналық Андрей Шевченко, ивуарлық Дидье Дрогба, фран­циялық Давид Трезеге, испаниялық Рауль және нидерландтық Руд ван Нистелрой енді.

Ал сол кезеңдегі ең үздік жартылай қорғаушы болып португалиялық Криштиану Роналду танылды. Екінші және үшінші орындарды француз Зинедин Зидан мен бразилиялық Кака өзара бөлісті.