Аймақтар • 08 Желтоқсан, 2023

Каспийдің тартылуы: Зерттеулерден кейін шаралар қабылданады

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жылдан жылға Каспий теңізінің суы тартылып барады. Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов мәселені шешу үшін ғылыми зерттеулер жүргізу қажеттігін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Каспийдің тартылуы: Зерттеулерден кейін шаралар қабылданады

Фото: ОҚК телеграм

Қазірдің өзінде жағадан 20 км кеткен жерлері бар. Жайықтың құятын жерінде  45-50 см дейін таязданып кеткен. Аталған тұста кеменің, балықтың өтуіне қиындықтар туындап отыр.

Облыс әкімінің айтуынша Мемлекет басшысы Каспийді зерттеу жөніндегі институт құру жөнінде арнайы тапсырма берген. Ғылым және жоғары білім, Су ресурстары министрліктерімен бірлесе отырып, қазіргі уақытта институт құрылып жатыр. Оның негізгі бөлігі Ақтау қаласында, Маңғыстауда болады, ал филиалы Атырауда орналасатыны жоспарланған.

«Ғалымдар зерттеп, өз ұсыныстарын беру керек деп ойлаймын. Каспийге құятын Жайықтың түсімі былтыр да, биыл да бірқалыпты болды, соған қарамастан теңіз тартылып барады. Бұл судың түсіміне байланысты емес те шығар. Себебі Каспийдегі су айдынының, ішкі температурасының да өсуі байқалады. Сондықтан мамандар зерттегеннен кейін ғана белгілі бір шаралар қабылданып, жұмыстар жүргізіледі», деді облыс басшысы. 

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35