Бокс • 08 Желтоқсан, 2023

Азия ойындарына қатысқан боксшы допинг дауына ілікті

355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ХІХ жазғы Азия ойындарында өнер көрсеткен отандық боксшы Ертуған Зейнуллинге қола медаль берілуі мүмкін. Өйткені ширек финалда Ертуған Зейнуллинді жеңіп кеткен монғол боксшысы Чинзориг Баатарсухийн допинг дауына ілікті, деп жазады Egemen.kz.

Азия ойындарына қатысқан боксшы допинг дауына ілікті

Халықаралық антидопинг агенттігі (ІТА) Азия ойындарында допинг қолданды деп күдікке ілінген 16 спортшының тізімін жариялады. 

63,5 кило салмақтың ширек финалында ел боксшысы Ертуған Зейнуллинді жарыс жолынан ығыстырған Чинзориг Баатарсухийн допинг қолданған боксшылардың тізімінен табылды. 

Егер монғол боксшысының допинг қолданып шаршы алаңға шыққаны дәлелденсе, Азия ойындарының қола жүлдесін Ертуған Зейнуллин қанжығалайды.

Ал, Азия ойындарының алтыны Тайвань елінің спортшысы Эн Чу Лайға беріледі.