Фото: Ведомство. Телеграм
Еліміздің барлық өңірлерінен жас мөлшері 6-22 аралығындағы оқушылар мен студенттер қатысатын аталған чемпионатқа 2500-ден астам оқушы, оның ішінде ауыл мектептерінен де оқушылар қатысады.
Жас өнертапқыштар жарысып қана қоймай, «өнердегі ғылыми инновациялар» тақырыбында өздерінің инновациялық жобаларын ұсынады.
Чемпионат шеңберінде барлық қатысушылар үшін шеберлік сыныптары, оқушылар арасынан стартап-кәсіпкерлер аллеясы, жетекші IT-компаниялар спикерлерінің және Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының семинарлары жоспарланған. Сондай-ақ павильон аумағында Дүниежүзілік Код сағаты өтеді.
Жеңімпаз командалар Үндістан, Индонезия, Түркия чемпионаттарына қатысуға лицензиялармен, 10 000 000 теңгеге дейінгі ақшалай сыйлықтармен, ҚБТУ, Тұран, Satpayev, SDU университеттеріне гранттармен марапатталады.