Спорт • 09 Желтоқсан, 2023

А.Шымбергенов, С.Тәшкенбай және тағы басқа боксшылар айқастарының тікелей көрсетілімі

2634 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бокс кешінде Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері өнер көрсетеді. Атап айтқанда, Данияр Елеусінов, Бекзат Нұрдәулетов, Дулат Бекбауов, Ерасыл Жақпеков, Асланбек Шымбергенов, Серік Теміржанов, Махмұд Сабырхан, Санжар Тәшкенбай жұдырықтасады. Желтоқсанның 15-і күні елорда төрінде алғаш рет өтетін «Чемпиондар түні IBА» – «Astana Arlans» турнирінде 8 қызықты жекпе-жектің әрқайсысы 6 раундтан тұратын болады, деп жазады Egemen.kz Бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

А.Шымбергенов, С.Тәшкенбай және тағы басқа боксшылар айқастарының тікелей көрсетілімі

Фото: Ашық дереккөз

71 келі салмақта Рио Олимпиадасының чемпионы, 2013 жылғы әлем чемпионы Данияр Елеусінов (11-0, КО 6) Оңтүстік Африка Республикасының өкілі Джабулани Макхенсемен (14-2, КО 7) жұдырықтасады. Д. Елеусінов бұған дейін 2015 жылы шаршы алаңға шыққан еді. Ал қарсыласы алғаш рет сырт елде айқас өткізгелі тұр.

2019 жылғы әлем чемпионы және Токио Олимпиадасының қатысушысы Бекзат Нұрдәулетов (6-0, 2 KO) әлі жеңіліп көрмеген Ресей спортшысы Никита Зонмен (7-0-1, КО 5) 80 келіде кездеседі.

67 келіде 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауов 2019 жылғы Еуропа ойындарының күміс жүлдегері, WBA тұжырымы бойынша бірінші орта салмақта 10-орында тұрған Харитон Агрбамен (12-0, КО 8) жұдырық түйістіреді.

2022 жылғы ҚР чемпионы, әрі 2023 жылғы 22 жасқа дейінгі боксшылар арасында Азия вице чемпионы Ерасыл Жақпеков 80 келіде жастар арасында Еуропа біріншілігінің күміс жүлдегері (19-22 жас), Нидерланды боксшысы Градус Клауспен айқасады.

Биылғы әлем чемпионы және 2022 жылғы Азия чемпионы Асланбек Шымбергенов 71 келіде мексикалық Хосе Мигель Боррегомен (20-4, КО 17) жекпе-жек  өткізеді.

2021 жылғы әлем чемпионатының финалисті және 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржанов 63,5 келіде Сербия намысын қорғайтын орыс боксшысы Павл Фёдоровпен (3-0, КО 1) кездеседі.

2023 жылғы әлем чемпионы және 2021 жылғы әлем чемпионатының финалисі Махмұд Сабырхан 57 келіде кубалық Освальдо Диаспен шаршы алаңға шығады.

Әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай 51 келіде 2 дүркін Азия чемпионы, Өзбекстан спортшысы Нодиржон Мирзаахмедовпен жұдырықтасады.

Елімізде бокс кешін — Qazsport, ал Ресейде — «Матч ТВ» каналдары тікелей эфирде көрсетеді.