![Дмитрий Попко Түркиядағы турнирдің финалына шықты](/media/2023/12/10/67f3e173-31dd-4b66-82ed-88744dcb6622.webp)
Дүниежүзілік рейтингіде 504-орында тұрған Д.Попко жартылай финалда әлемнің 404-ракеткасы, ұлыбританиялық Джей Кларкпен шеберлік байқасты.
Қазақстан спортшысы қарсыласын 6:4, 6:1 есебімен қапы қалдырды. Осылайша, Дмитрий Попко финалға жолдама алды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Григорий Ломакиннің Мысырдағы жарыстың жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.