Спорт • 11 Желтоқсан, 2023

Хоккейден әлем чемпионаты: Жастар құрамасы алғашқы жеңіске жетті

103 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Хоккейден І дивизиондағы Әлем Чемпионатында Қазақстан жастар құрамасы алғашқы жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Qazsporttv-ге сілтеме жасап.

Хоккейден әлем чемпионаты: Жастар құрамасы алғашқы жеңіске жетті

Фото: Qazsporttv

Будапештте басталған байрақты бәсекеде Венгрия құрамасын Сергей Старыгиннің шәкірттері 5:2 көрсеткішімен ұтты. Ұлттық құрама сапында Бейбарыс Оразов, Егор Смолянинов, Артем Авдеенко, Всеволод Ловгин (дубль) көзге түсті.

Хоккейшілеріміз бүгін Дания жастар құрамасымен кездеседі. Айта кетсек, І дивизионның жеңімпазы келесі жылы Жастар арасындағы Әлем Чемпионатының элиталық кезеңіне жолдама алады.