Спорт • 12 Желтоқсан, 2023

Хоккейден ауыл балалары арасында турнир өтеді

99 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада хоккейден балалар  арасында халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Хоккейден ауыл балалары арасында турнир өтеді

Фото: cloud.mail.ru

«SAMRUK BALA CUP 2023» хоккейден балалар арасындағы  халықаралық туринирге еліміздің 8 өңірінен 24 команда  және Өзбекстан мен Қырғызстаннан да команда қатысып жатыр. Турнирді ұйымдастырушылар басты мақсат хоккей спортын насихаттап, халық арасында кеңінен таралып дамуына серпін беру дейді. 14 желтоқсанға дейін жалғасатын турнир «Барыс» спорт кешенінде өтеді. Бұл дода «Самұрық-Қазына» АҚ қайырымдылық қызметінің бірыңғай операторы – «Samruk- Kazyna-Trust» қорының қаржылай қолдауымен «Altyn shaibaly» жобасы аясында ұйымдастырылған алғашқы жарыс. Келесі жылы осы жоба аясында ауыл балаларының арасында да бірнеше турнир өткізу жоспарланып отыр. Оған қатысуға қазірдің өзінде 200-ден астам ауылдың  баласынан өтінім келіпті.