Фото: Turizm jane sport ministrligi
«Ұлттық құрама командамыз сапалы дайындалып, нәтижелі өнер көрсетуі үшін шешуді талап ететін бірқатар ұйымдастыру мәселелері бар. Осыған байланысты, барлық сұрақты жан-жақты талқылап, уақытылы шешу үшін барлығымыз бас қосып отырмыз», деген министр еліміз үшін бұл – маңызды іс-шаралардың бірі екенін, өйткені аталған Олимпиада ұлттық құрама команданың болашақта ізін басатын спортшыларымыздың әлеуетін көрсететінін атап өтті.
Сондай-ақ Ермек Маржықпаев Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне Ұлттық Олимпиада комитеті, Спортты дамыту дирекциясы және Олимпиадалық дайындық орталығымен тізе қосып, бірқатар мәселені шешуді тапсырды. Нақты атағанда, Ойындарға қатысатын спорттық делегацияның сапалы құрамын қалыптастыру, ұйымдастыру комитетінің талаптарына сәйкес спорттық жүктеменің тізбесін пысықтау, делегация мүшелерін жабдықтау кестесін бекіту, спортшылардың дайындық барысы мен ту ұстаушыларды бекіту және тағы басқа маңызды мәселелер.
Канвондодағы IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына Қазақстан жасөспірімдер құрамасы қоржынында әзірге спорттың 5 түрінен (биатлон, конькимен жүгіру, шорт-трек, керлинг, шайбалы хоккей) 17 жолдама бар. Ал жалпы Олимпиадаға әлемнің 70 елінен 1 800 (950 ұл, 950 қыз) спортшы қатысуы күтіліп отыр. Спорттың 7 түрінен 15 дисциплина бойынша 81 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Айта кетсек, IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанаты 19 қаңтарда Каннын қаласындағы «Gangneuung Oval» спорт кешенінде өтсе, жабылу салтанаты 1 ақпанда «Gangneung Olympic Park» спорт кешенінде ұйымдастырылуы жоспарланған.